Тіл үйрену мектеп жасына дейінгі кезеңде басталады. Бұл жастағы балалар тілді тез үйренуге бейім. Мектепке дейінгі балалық шақта мемлекеттік тілді ерте үйрену баланың жеке басының үйлесімді дамуына ықпал етеді.
Бөбекжайдағы қазақ тілі сабақтары балалардың жас, психофизикалық ерекшелектерін және бағдарламаның талаптарын ескере отырып жоспарланады. Пегогтің міндеті – әртүрлі нысандарды қолдану: халық әндері мен ойындары, қуыршақ қойылымдары, халық ертегілерін оқу және т.б
Қазақ тілін оқып үйренуде ата-аналарға кеңес:
- Тәрбие жеке тұлғаны дамытуға және шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс;
- Тәрбие балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылуы керек;
- Қарапайым сұрақтар қоюды және оларға жай сөйлеммен жауап беруді үйрету, қарапайым мәтіндерді, тақпақтарды жатқа айтып беруге үйде машықтандыру;
- Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті сөздерді айта алуға үйрету;
- Педагогтің берген үлгісі бойынша ойыншықтар мен суреттер туралы шағын мәтіндер құрастыруға баулу;
- Күнделікті өмірде қолданылатын кейбір тұрмыстық заттардың (ыдыс-аяқ, жиһаз) атауларын білдіретін сөздерді, жемістердің, көкеністердің, құстардың атауларына байланысты сөздерді айту;
- Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету.
Мектепке дейінгі жастағы балалармен қазақ тілін үйретуде мемлекеттік тілді дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің ерекшеліктерімен таныстыру маңызды.