Ата-аналарға кеңес
Қымбатты ата-аналар.
«Қазақша сөйлейік!»
Әр ұлттың балаларын екінші тілге үйрету, жаңа тілдік деңгейге қалыптастыру өте қиын.
Балалардың қазақ тілін үйренуі тиімді және сәтті өтуі үшін, екінші тілді үйрену жұмыстары мақсатты түрде өтуін ұйымдастыру қажет және қолайлы жағдай жасау керек.
Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілін үйрену үшін, ересек адамдармен тығыз байланыста болу керек. Сондықтан да ересек адамдар тез арада баламен көлікте, көшеде, көпшілік жерлерде қазақша сөйлесуді ұйымдастыру керек. Таңертең, бала ұйқыдан тұрғанда былай деу керек: — Қайырлы таң! Көңіл-күйің қалай? — деп сұрау керек. Балабақшаға барар кезде балаларға өз киетін киімдерін қазақша айтқызу керек, егер бала айта алмаса ата — ана қазақша айтып, балаға қайталату керек.
Тамақ ішер кезінде ыдыстардың, тағамдардың атауын қазақша айтып, балаға қайталатып үйрету керек. Мысалы: Қасық, шанышқы, нан, сүт,май, қант, ірімшік. Бала тамақ ішер алдында «Ас болсын!», «Ас дәмді болсын!» деп айтуды әдетке айландырған жөн.
Кешкілікте баламен бірге «Отбасы» тақырыбында ата, әже, әке, шеше, аға, іні сөздерін қолданьш, балабақша тақырыбында тәрбиеші, аспаз, ұл бала, қыз бала сөздерін қолданып, ойын ойнауға болады. Балаға қазақ тілін меңгеруге көмек көрсету үшін, баланың, бөлмедегі басқа баланың дауыс ырғағына, қимыл-қозғалысына аса көңіл бөледі. Есіңізде сақтаңыз, бала әрбір жақтыртпаушылықты немесе керісінше көмек көрсетушілікті сол сәтте байқап қалады. Жағымды мінез баланың қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттырады.
Қазақ тілі мұғалімі: Касымова Рима Назировна