«Адамның әуелден тоқымашы
немесе хатшы болып тумайтыны
сияқты, қарапайымдылық пен
жаман қылық та адамға әуел бастан
жаратылысынан дарымайды.»
— Әбу Насыр әл-Фараби —
Ең басты назар аударатын жайттардың бірі – ата-ананың балаға деген шексіз махаббаты. Сөзсіз, иә, баланы сүю
керек, бірақ мәселе онда емес, ең маңыздысы сол сезімді басқара білу. Үнемі еркелете берсе, балаға ол кері әсерін тигізеді. Кейбір ата-ана баланың ыңқыл–сынқылын әлдебір табиғи нәрсе ретінде қабылдайды. Кей кезде тіпті баланың жағымсыз әрекеттерінің өзі де оларды қуантып жатады. Үнемі назардың ортасында болып үйренген бала нағыз
дөрекі мінезді бола бастайды Баланың тыңдамауы – үлкеннің баланың алдында еш абыройы жоқтығының белгісі.
Бала тәрбиесі баршамызға ортақ іс. Бала тәрбиелеу кезінде осы кітапшамыз пайда беретіне сенімдеміз!
1.Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
10.Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
11.Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
12.Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.